• Басты
  • Жаңалықтар
  • Чехия бизнесмендері Қазақстанда мал шаруашылығы фермасын салуды жоспарлауда

Чехия бизнесмендері Қазақстанда мал шаруашылығы фермасын салуды жоспарлауда

6 Қараша, 2015 14:32
Чехия Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Мартина Юречку бастаған 25 чех компанияларының басшылары Астанаға бизнес-миссиямен келді, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.

Чех кәсіпкерлерінің сапарын Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Чехия Республикасының ТМД елдері бойынша сауда өндіріс палатасы ұйымдастырды.

Қазақстанға ауыл, орман шаруашылығы, сүт өндірісі, майлы дәнді дақылдарды өңдеу, химия және тамақ өндірісі, фармацевтика, тасымалдау мен логистика, сусындар мен азық-түлік өнімдерін өндіру, сонымен қатар заңгерлік және экономикалық қызметтерді көрсететін компаниялар келді.

Қазақстандықтармен ынтымақтастыққа мүделлі чех компанияларының қатарында - «Aaela»ЖШҚ, ол тамық өндірісі үшін заманауи технологияларды жеткізумен айналысады. Қоғам наубайханаларды және шағын наубайханаралды, ет комбинаттарын, консерві зауыттарын, көкеністер мен жеміс жидектер желісі бойынша тоңазытқыштар қоймаларын техникамен қамтамасыз етуге дайын, тіпті бізге жобаны бастан аяқ толғымен жүзеге асырып тапсыруға да келісіп отыр.

Сонымен қатар, қазақстандық әріптестерімен бірлескен кәсіпорын ашуға «АРГО Богемия»ЖШҚ қызығушылық танытты. Компания 20 жыл бойы көлік, экспедиторлық және логистикалық қызмет, жүк тасымалдау саласында  Еуропа-Қазақстан бағытында және қарама қарсы бағытта ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін тасымалдау бойынша жұмыс істеп келеді.

Жалпы, екі жақты кездесулер «В2В» форматында өтті.

Барлық жаңалықтар