- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі, AllurGroup және PSA Peugeot Citroën отандық автомпромды дамытуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты
«Бәйтерек» холдингі, AllurGroup және PSA Peugeot Citroën отандық автомпромды дамытуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты
Құжатқа «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев, AllurGroup Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бержеран қол қойды.
Келісімде Холдинг Қазақстанда «СарыарқаАвтопром» компаниясының қуатында толық циклді режимде PSA Peugeot Citroën автомобильдер өндірісін қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады деп көзделген. Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі автомобильдерді ілгерілету мен өткізу кезінде қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыратын болады.
Аталған автомобильдерді шығару орны ретінде тараптар Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтопром» автоқұрастыру зауытын қарастырып отыр.
«Экономикалық ортаның өзгеруіне қарамастан, PSA Peugeot Citroën тобы ТМД өңірінде қабылданған бағытты берік ұстанады. Концерн Қазақстандағы коммерциялық және өнеркәсіптік қатысуды кеңейтуді жоспарлап отыр, оның басты кезеңі 2016 жылдың соңына белгіленген Қостанайда толық циклді өндірісті іске қосу болады. Қазақстанда толық циклді өндіріс өңірдегі топтың позицияларын нығайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, автоқұрамдауыштардың жеткізушілерін дамытуға және жалпы саладағы локализация деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады», - деп атап өтті PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бержеран.
Францияның автомобиль жасау саласының көпжылдық тарихы бар, сондықтан осы саладағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту Қазақстан үшін ерекше қызығушылық тудырады.
2013 жылы Қазақстанда іске қосылған Peugeot өндірісі AllurGroup зауыттарына жаңа технологияларды енгізуге, материалдық-техникалық базаны толықтыруға, тәжірибемен алмасуға және зауыт мамандарының кәсіби дайындығын арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні қостанайлық өндіріс алаңдарының қуаттарында Peugeot-ның бес моделі шығарылады: Peugeot 301, 2008, 3008, 508 және Peugeot Partner.
«PSA Peugeot Citroën-мен бірігіп жұмыс істеудің екі жылы ішінде біз осы концерн автомобильдерінің сапасы мен сенімділігіне көз жеткіздік, сонымен қатар әріптестеріміз автомобиль құрастырудағы мол тәжірибесімен бөлісті. Бүгін біз ірі торапты жинаудан толық циклді өндіріске көшудеміз, бұл қарқын Қазақстандағы толыққанды автомобиль саласын дамытудың қолда бар әлеуетін растайды», - деді AllurGroup Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев.
Қазақстандықтардың еліміздегі марканың ресми дилерлерінен отандық өндірістің Peugeot автокөліктерін сатып алу мүмкіктерінің пайда болғанына екі жылдан асты.
Peugeot автомобильдері Қазақстан нарығында өз аудиториясын тапты. Peugeot 301 маркасы үлкен сұранысқа ие болып, қазақстандық өндіріс автомобильдерінің сатылымы жоғары автокөліктер үштігіне кірді. Ал Peugeot Partner үлгісін қазақстандықтар «Мини-фургон» номинациясында Қазақстанның «Жыл автокөлігі» деп таныды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы