ТКШ модернизациясында бюрократиялық кідіріс көп – А.Соловьева

4 Қараша, 2013 13:10
Көппәтерлі үйлердің тұрғындары бағдарламалық тапсырмалар жайлы мәлімет алуда көптеген қағазбастылық кідірістер орын алуда, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы дәстүрлі отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау жұмыстарын сынаған болатын. Оның айтуынша, инфрақұрылымның модернизациясы ескірген нысандарды жөндеуге үлгермей жатыр. Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының ескіруіне қатысты тұрғындардың наразылығы өсе түсуде.

«ТКШ жүйесіне қатысты көптеген механизмдердің кешеуілдеп, кідіріп қалғанын өздеріңіз де білесіздер. Алайда сол кездері бюджеттен қаржының бөлінгені анық. Ал қазір енді аталмыш бағдарламаны жалғастыру үшін қаражат қарастырылмаған. Ал қазір халық өздерінің құқықтарын білгендіктен, нәтижесінде аталмыш бағдарлама тек бір ғана механизмдік болып қалып отыр», - деді депутат.

А.Соловьеваның айтуынша, республиканың аймақтарындағы халықтың сұранысы өте көп. Олар тарапынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау төңірегінде нақты ұсыныстар да түсіп жатыр.

«Сонымен қатар, барлық күш жөндеу жұмыстарына, күрделі жөндеу, модернизациялауға, жаңартуға, термомодернизациялауға жұмылдырылғанда мұндағы халық үнемдей алмайды, керісінше шығынға белшесінен бастады», - деп нақтылады халық қалаулысы.

Осылайша, депутат айтқандай, бағдарламада тұрғылықты халық протоколды қалай жинайды, құрылыс пен жөндеу жұмыстарына жиналатын қаржының реті мен көзі қандай деген негізгі мәселелер қарастырылмаған. Керісінше халықтың сұрақтарына жауап берудің орнына мәселені айналшықтап нақты жауап бермейтін қағазбастылық  дерті дендеп кеткен.

«Осыған орай, министрліктер тарапынан халықтың қойған сұрағына түсініксіз жауаптар беріледі, екінші механизм жабылды делінеді. Ал бірінші механизм тоқтатылған. Бір қызығы сол, халық бұл болып жатқан нәрселерден мүлде бейхабар», - деп қорытындылады Мәжіліс депутаты А.Соловьева.

 

Барлық жаңалықтар