- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғашқы рет ҚР мен Қытай Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің халықаралық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтуде (ФОТО)
Қазақстанда алғашқы рет ҚР мен Қытай Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің халықаралық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтуде (ФОТО)
Бірлескен оқу-жаттығудың мақсаты өзара түсінушілік пен сенімділікті нығайту, екі армия арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу, лаңкестікпен күресуде екі ел Қарулы Күштерінің жедел үйлесімділігін арттыру және ауданда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жағдай жасау болып табылады.
Бірлескен оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрады. Олардың бірі ағымдағы жылғы қазанның соңында ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының «Қорла» оқу-жаттығу орталығының базасында өтті. Онда екі елдің әскери қызметшілері шекара маңындағы ауданда шартты лаңкестерді жою және тарату жөніндегі бірлескен лаңкестікке қарсы операцияны өткізді. Оқу-жаттығудың екінші кезеңі бүгін, 5 қарашада Қазақстанда «Көктал» полигонының базасында басталды.
Қазақстан мен Қытайдың әскери қызметшілері заңсыз қарулы құралымды тарату жөніндегі бірлескен шартты жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтайды. Қазақстан мен Қытай Қарулы Күштерінің өзара іс-қимылының маңызды аспектісі ассиметриялық қауіп-қатерлерге (арнайы мақсаттағы жауынгерлердің бөлімшелерін дайындау) қарсы іс-қимыл бойынша әлеуетті арттыру аясында бірлескен дайындық және тәжірибе алмасу болып табылатынын айта кеткен ләзім. Одан басқа, екі елдің өзара іс-әрекетінде әскери білім беру саласы маңызды рөлге ие. Бүгінгі таңда қазақстандық әскери қызметшілер Қытайдың ұлт-азаттық армиясының әскери оқу орындарында білім алуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер