- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде екі жаңа балабақша ашылды
Ақтөбеде екі жаңа балабақша ашылды
Балабақшалардың ашылу салтанатына Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын қатысты.
Іс-шара барысында қала әкімі Бекбол Сағын қатысушыларды шын жүректен қаламыздағы екі мектепке дейінгі ұйымның ашылуымен құттықтап, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толыққанды қамту мәселесі бойынша Елбасы жүктеген тапсырмасы бойынша ең маңызды әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыру мақсатында балабақшалар құрылысының маңыздылығын атап өтті. 150 орынға арналған № 48 жаңа мектепке дейінгі ұйымы Заречный-1 тұрғын массивінде тұрғызылған. Құрылысты «Кварц спец сервис» ЖШС мердігер компаниясы жүргізген. Жалпы аумағы - 6480,0 шаршы метрді құрайды. Балабақша құрылысына бюджеттен 362,3 млн. теңге бөлінді. Балабақша 6 топқа есептелген.
Балабақша құрылысының орны Заречный-1 ауданындағы, соның ішінде Заречный-2, Заречный-3 және т.б. аудандарында мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігінен таңдап алынды.Сонымен қатар дәл осы күні 11 мөлтек ауданында орналасқан 230 орындық № 49 «Думан» МДҰ-ның салтанатты ашылуы өткізілді.
Кезінде бұл типтік үлгідегі балабақша, содан кейін аталған ғимаратта ұзақ мерзім физика-математика мектеп-интернаты орналасты. Мұндай әлеуметтік нысанның ашылуы 11 мөлтек ауданының кішкентай және үлкен жастағы тұрғындары үшін маңызды оқиға екендігі сөзсіз.
Қайта қалпына келтіру жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын «Элит Строй Сервис» ЖШС-і жүргізді. Жалпы аумағы – 3621,6 шаршы метр. Балабақшаның сметалық құны 238,247 млн. теңге. Балабақша 10 топқа есептелген.
Жаңа балабақшаларда қазіргі заманғы қажетті құралдармен жабдықталған музыка және дене шынықтыру залдары, ойын және ыңғайлы жатын бөлмелері қарастырылған. Бұл жерде балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Л.Оразбаеваның мәлімдеуінше, қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 49 мемлекеттік балабақша, 33 жеке балабақша бар, мектеп жанынан ашылған 21 шағын орталықта 20700 бала тәрбиеленуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 320 орындық балабақшаның ашылуы жоспарлануда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады