Петропавлда Қазақстан сауда кәсіпорындарының форумы өтеді

4 Қараша, 2013 13:15
7-8 қараша аралығында Петропавл қаласында сауда кәсіпорындарының форумын өткізу жоспарланып отыр, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шара барысында  «Сауда Үздігі-2013» республикалық конкурсының марапаттау рәсімі өтеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, шараға АШМ, ККМ, ҚЖ, облыс әкімдігі мен сауда кәсіпорындарының жетекшілері қатысады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, форумға қатысушылар сауда қызметінің бірыңғай саясатын құрып, әкімшілік кедергілерді жою мен бизнесті дамытудың тиімді жолдарын қарастыру  бағыттарын талқылайтын болады.

Барлық жаңалықтар