Жаңа Азамттық кодекс адвокаттарға татуластыру процедурасын бекітті

5 Қараша, 2015 17:49
ОКҚ-да «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс Ұлт Жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру ретінде» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгел Ә.Түгел ы жаңа Кодекс шеңберінде адвокатураның рөлі туралы әңгімелеп берді.

Кодексте қалпына келтіру сот әділдігін дамытуға ықпал ететін медиация институтын одан әрі дамыту, соттардың жүктемесін азайту, судья өткізетін соттағы медиация  жаңа процестік қызметін енгізу қарастырылған.Медиатор мен сот жүргізетін медиацияның қажеттілігін соттарда жүргізілген сынақ айқын дәлелдеп берді. 2014 жылы кәсіби медиаторлардың және судьялардың қатысуымен медиация рәсімі сәтті қолданылған. Барлығы 9 мыңнан астам медиация жүргізілген, бұл дегеніміз 18 мыңнан астам азаматтың татуласқандығын білдіреді», - деді А.Түгел.

Сонымен қатар ол жаңа Кодекс шеңберіндегі прокуратураның ролі және мемлекет үшін инвестициялық дауларды шешудің маңыздылығы туралы айтты.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы барлығы 1 098 011 іс аяқталды. Соның ішінде 449 210 істің шешімі шығарыла отырып, 668 782 азаматтық іс қаралды. 2015 жылғы 6 айда барлығы 531 235 іс аяқталды. Соның ішінде 189 993 істің шешімі шығарыла отырып, 314 269 азаматтық іс қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, 31 қазанда Елбасы алғаш рет БАҚ қатысуымен жария түрде ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне қол қойды. 

Барлық жаңалықтар