• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Aubert&Duval» компаниясы мен Өскемен титан-магний комбинатының бірлескен жұмысы индустрияландырудың маңызды бөлігі – Елбасы

«Aubert&Duval» компаниясы мен Өскемен титан-магний комбинатының бірлескен жұмысы индустрияландырудың маңызды бөлігі – Елбасы

5 Қараша, 2015 17:08
Елбасы «Aubert&Duval» компаниясының президенті Жорж Дювальмен және Өскемен титан-магний комбинатының президенті Әсем Мамытовамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде металлургия саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы екі кәсіпорынның бірлескен жұмысы елді индустрияландыру бағдарламасының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті сондай-ақ компанияның машина және аспаптар жасауға арналған титан-магний өнімдері өндірісін кеңейту жөніндегі жұмыстарының есебін тыңдады.  

 

Барлық жаңалықтар