Н.Назарбаев пен Ж.Аттали жаһандық нарықтардағы ахуалды талқылады

5 Қараша, 2015 17:01
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев француз экономисі Жак Атталимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында жаһандық нарықтардағы ахуал, әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдары, сондай-ақ қазіргі қалыптасқан жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл бағдарламасы – Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланды. Тараптар еліміздегі инфрақұрылымдық жаңғыртулар перспективасына да арнайы тоқталды. 

 

Барлық жаңалықтар