• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Айдарбаев: МЖК механизмі мемлекет пен бизнестің өзара байланысына жаңа пішін енгізуге мүмкіндік береді

А.Айдарбаев: МЖК механизмі мемлекет пен бизнестің өзара байланысына жаңа пішін енгізуге мүмкіндік береді

5 Қараша, 2015 19:03
Мемлекеттік жеке меншік серіктестіктің механизмі жаңа Заңға сәйкес, мемлекет пен бизнестің өзара байланысына жаңа пішін енгізуге мүмкіндік береді, деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Ақтауда өткен «МЖК жобаларын дайындаудың алгоритмі» семинары барысында.

«Меніңше, МЖК механизмі жаңа Заңға сәйкес мемлекет пен бизнестің өзара байланысына жаңа пішін енгізуге мүмкіндік береді. Тек нысандарды салу ғана емес, оларды пайдалануға беріп, олармен ұзақмерзімді уақыт бойынша басқару қажет. Бүгінгі шара баршамызға жаңа нысандардың пайда болуына идея тастайды деген үміт бар», - деді облыс әкімі.

Семинар барысында ҚР «Мемлекеттік жеке меншік серіктестік туралы» заңымен танысты. «Қазақстандық МЖК орталығы» АҚ өкілдері саланың негізгі аспектілерін талқылады.

Семинар барысында сондай-ақ, жаңа заңның негізгі мақсат міндеттері де талқыланды.

Айта кетейік, семинарды «Маңғыстау облысының мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің өңірлік орталығы»» АҚ ұйымдастырды.

 

Барлық жаңалықтар