• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұ.Сүлейменова: ҚР-ның жаңа Азаматтық кодексі ел азаматтарының ұсыныстарын есепке ала отырып редакцияланды

Ұ.Сүлейменова: ҚР-ның жаңа Азаматтық кодексі ел азаматтарының ұсыныстарын есепке ала отырып редакцияланды

5 Қараша, 2015 16:04
ҚР-ның жаңа Азаматтық кодексінің жобасы ҚР Жоғарғы сотының интернет ресурсына келіп түскен ел азаматтарының ұсыныстарын есепке ала отырып редакцияланды, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының азаматтық және әкімшілік істері бойынша бақылау коллегиясының судясы Ұлболсын Сүлейменова.

«Жаңа Кодекстің мақсаты конститутиялық құқықты, еркіндікті және заңды азаматтар мен заңды тұлғаларды тиімді соттық тұрғыда қорғау, келіспеушіліктерді шешу, сот актілерінің сапасын қамтамасыз етуді көздейді. Кодекс жобасы Жоғарғы соттың интернет ресурсында жарияланды, сонымен қатар келіп түскен ұсыныстар ескеріле отырып ұдай жаңартылып тұрды. Азаматтардан келіп түскен 2000-ға жуық ұсыныстар зерттелді, олардың кейбіреулері жаңа кодексте қабылданды», - деді Ұ.Сүлейменова.

Жаңа Кодекс Ұлт жоспары  «100 қадамда» көрсетілген шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Атап айтатын болсақ, бес деңгейлі сот жүйесінен үш деңгейлі сот жүйесіне көшу енгізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, 31 қазанда Елбасы алғаш рет БАҚ қатысуымен жария түрде ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне қол қойды.

 

Барлық жаңалықтар