• Басты
  • Жаңалықтар
  • Дәулет Тұрлыханов ШҚО-дағы туған ауылына бірқатар әлеуметтік жобаларды сыйға тартты

Дәулет Тұрлыханов ШҚО-дағы туған ауылына бірқатар әлеуметтік жобаларды сыйға тартты

4 Қараша, 2013 12:44
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Жарық ауылында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша бірқатар нысандар іске қосылды, деп ШҚО-ның ақпараттық орталығы хабарлады.

«Орталықтан шалғайда жатқан ауыл тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысандардың бірі болып табылатын – дәріхана мен азық-түлік дүкенін жеке кәсіпкер Бекзат Мұхаев жалпы сомасы 7 млн теңге өз қаржысына ашып отыр. Дәріханада медициналық білімі бар бір адам жұмыс істесе, дүкенде екі сатушы қызмет көрсетеді. Тұтынушылардың қуанышына қарай бұл екеуі де қажетті тауарлармен, оның ішінде азық-түлік өнімдерімен, дәрі-дәрмек түрлерімен қамтылған. Бағалары қолжетімді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар «Туған жерге – тағзым» акциясымен Жарық елді мекенінің тумасы, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов меншік қаржысына ауылдастарының игіліне арнап 300 орындық заманауи үлгідегі ойын-сауық орталығын салып берді. Құрылыстың жобалық құны – 35 млн теңге.

« Осы акцияның аясында ойын-сауық орталығынан бөлек жергілікті шаруаларға құны 40 млн теңге болатын Семейдегі зауытта құрастырылып шығарылған заманауи екі тракторды сыйға тартып отырмын. Сол сияқты балаларға волейбол, футбол ойнайтын, жаттығу жасайтын спорт алаңын аштық», - дейді грек-рим күресінен олимпиаданың күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыханов.

Барлық жаңалықтар