- Басты
- Жаңалықтар
- Құрылыс материалдарын шығару бойынша жаңа зауытта 28 жұмыс орны ашылды
Құрылыс материалдарын шығару бойынша жаңа зауытта 28 жұмыс орны ашылды
Бектау ауылдық округінде табиғи тас, құм тас және өзге де құрылыстық материалдарды өндіру бойынша «Есиль Стоун» ЖШС инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.
Серіктестік бүгінде орналасқан орынды барлау жұмыстарын жүргізуге және жер қойнауын пайдалану құқығына шарт жасаған. Сондай-ақ, несиелік қаражат көмегімен құны 436,4 млн.теңге тұратын шетелдік ұнтақтау-сұрыптау қондырғысын сатып алған.
Қондырғының қуаты сағатына 200 тонна ұсақ тасты құрайды. Бұл ұсақ тас жолдарды, үйлерді және өзге де нысандардың құрылысын салу барысында пайдаланылады.
Кәсіпорын өз жұмысын ағымдағы жылдың қазан айында бастады. Зауыттың жұмыс істеуімен бірге 28 адам жұмысқа орналасып, жуық арада бұл тізім 50-ге дейін көбеймек. Зауыт жыл аяғына дейін 50,0 мың тонна ұсақ тас шығаруды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын болашақта қабырғалық блоктарды өндіру бойынша цех ашуды жоспарлауда. Дайын өнім Астана қаласының құрылыс нысандары үшін сатылатын болады.
Атап өту керек бұл компания меншік иелері үшін бұл жоба құрылыс индустриясындағы алғашқы жоба емес – олардың өзге аудандарда бетон және асфальт шығаратын зауыттары бар.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді