- Басты
- Жаңалықтар
- «Көктөбе» телемұнарасының архитектуралық келбетін өзгерту жоспарлануда
«Көктөбе» телемұнарасының архитектуралық келбетін өзгерту жоспарлануда
Маңызды нысанды модернизациялау барысында медиафасад қойылып, басқарылатын көмескі жарық беріледі. Телемұнараны жаңартуды қаржыландыру жергілікті бюджеттен емес, жеке инвестицияны тарту арқылы жүзеге асады.
Телемұнараны жаңғыртудағы мақсат - оған әлемде жоқ сипат беру және қайталанбас келбет жасау. Жоба жүзеге асатын болса телемұнара Алматының кез – келген нүктесінен «мен мұндалап» көз тартатын болады.
Жобаны жасаушылардың айтуы бойынша, телемұнара күндіз өзінің бұрынғы келбетін сақтайды, оның қондырғылары мүлдем байқалмайды. Ал мереке және жексенбі күндері көмескі жарық пен медиафасад іске қосылып, жарықкөзінің динамикасы ретінде жұмыс істеп, түрлі тақырыптық ақпараттарды көрсетеді, ал күнделікті жұмыс күндері мультиколорлы мол жарық беретін болады. Телемұнарадағы барлық жарық көздері басқарылады.
Жобаны жүзеге асыру үш негізгі кезеңге бөлінген, олар қондырғыны жеткізу, монтаждау және іске қосу. Құйылмалы көмескі жарықты қалыптастыру ( 55 күн), прожекторлы кешен (55 күн) және медиафасадты орнату (120 күн) сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады.
«Көктөбе» телемұнарасы - туристер жиі келетін орын әрі мегаполистің символы. Сарапшылар бұл жобаны жүзеге асыру Алматының маңызды нысандарын жарықтандыру бағдарламасының басы болып табылады дегенді айтады.
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Тоқаев: Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек -
Қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда -
Биыл 22,5 млн гектар алаңға егіс егу жоспарлануда - министр -
Ел өңірлерінде көтерме-тарату орталықтарының желісін құру жоспарлануда – министр -
Президенттік қолдау: 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда -
COVID-19 әлемнің келбетін қалай өзгертеді? -
Қазақстанда АХҚО негізінде инвестициялық резиденттік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда -
Мака Махатадзе: Білім берудегі әдіс-тәсілдерді өзгерту керек -
Заң жобасына енгізілетін барлық өзгертулер отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталған – Д.Абаев -
Сенаторлар асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға қатысты өзгертулер енгізуді ұсынды -
2018 жылы 24 536 елорда тұрғынын жұмыспен қамту жоспарлануда -
Жекешелендірудің кешенді жоспарын 2018 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда - ҚР ҰЭМ -
Қарағанды білім мекемелерінде 12 мың камера орнату жоспарлануда