• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 ҚР ҚК-нің әскери қызметшісі NOMAD ММА бойынша әлем чемпионатында «күміс» иемденді (ФОТО)

2015 ҚР ҚК-нің әскери қызметшісі NOMAD ММА бойынша әлем чемпионатында «күміс» иемденді (ФОТО)

5 Қараша, 2015 20:43
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36803 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ҚР ҚК-нің келісімшарт қызметінің сержанты Мадхат Олжабаев NOMAD MMA (шығыс жекпе-жегінің бір түрі) бойынша ашық әлем чемпионатында «күміс» жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сайыс Қарағандыда өтті. Күш сынасу мен шеберлік танытуда әскери қызметшілер өзге елдерден келген кәсіби қарсыластарынан оза шауып, 76 келіге дейінгі өзінің салмағында екінші атанды. «Менің спортпен шұғылданып жүргеніме 10 жылдың жүзі болды.

Жекпе-жек рух бойынша жаныма жақын болып келеді. Әр жылдары армиялық қоян-қолтық ұрыс, бокс, панкратион бойынша республикалық және халықаралық турнирлерде жүлделі орындар алып жүрдім», - дейді Мадхат. Қазіргі уақытта әскери қызметші қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, бокстан спорт шеберіне үміткер болып табылады. Қазір ол жаттықтыруларын жалғастыруда, оның жоспарында әлем чемпионы атағын алу және жаңа спорттық шыңдарды бағындыру.

 Қарулы Күштерде сержант Мадхат Олжабаев 4 жылдан аса қызмет атқарып жүр.  Әскери бөлімде взвод сержанты, дене даярлығы бойынша нұсқаушы қызметін атқарады. Номад MMA стилі әмбебап болып келеді және сондықтан сайысқа жауынгерлік шеберлік пен жекпе-жектің кез келген өкілдерінің қатысуына мүмкіндік туғызады.  Бұл стиль армияда да танымалдылыққа ие болып келеді.

Бокспен, қоян-қолтық ұрыспен, күреспен және т.б. шұғылданатын қазақстандық әскери қызметшілер   Номад MMA стилін белсенді түрде меңгеруде және оны сәтті жасап жүр.  

 

Барлық жаңалықтар