- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотекалық несиені шетелдік валютада беруге шектеу қоюы мүмкін
Қазақстанда ипотекалық несиені шетелдік валютада беруге шектеу қоюы мүмкін
Аталған құжат Қазақстанда қарыз алушы жеке тұлғаның есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу қолда бар немесе түсетiн ақшаның 50%-ынан артық болмауын қарастырады.
«Заң жобасында Қазақстан Республикасының 8 Кодексiне және 35 Заңына өзгерiстер енгiзу көзделедi. Мыналар заң жобасының негiзгi бағыттары: бiрiншiден, борыштық жүктеменi төмендету және банк көрсететiн қызметтердiң айқындылығын арттыру арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту; екiншi, қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету; үшiншiден, капитал нарықтарын және исламдық қаржыландыруды дамыту.
Борыштық жүктеменi төмендету арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту аясында заң жобасында мынадай жаңалықтар бар: валютамен кiрiсi жоқ жеке тұлғаға шетел валютасында ипотекалық қарыздар беруге тыйым салу, төлемдердiң мерзiмi бойы өтiп кеткен кезде бiрiншi кезекте мерзiмi өткен негiзгi борышты және соңғы кезекте тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдарды өтеу.
«Заң жобасымен «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» ҚР Салық кодексiне жаңа алым түрi – ҚР-да шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бергенi және ұзартқаны үшiн алымды енгiзу бөлiмiнде толықтыру енгiзiледi.
«Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота халықтың экономикалық белсендiлiгi есебiне емес, сала бойынша қалыптасатын болады. Қорытынды бойынша қай салада қай шетелдiк бiлiктi маман тартылатыны белгiлі болады. Жұмыс берушiлерге рұсат беру идеологиясы толық қайта қаралды. Ендi мұндай рұқсат берулер үшiн мемлекет бюджетiне салық алынатын болады», - дедi ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова.
Қазақстанға келген шетелдiк мамандар бiліктiлiгiнiң сәйкестiгi туралы анықтама негiзiнде 3 ай iшiнде өз бетiнше жұмысқа орналасуға мүмкiндiк алады. Аталған өзгертулер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”