• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында Өскемен-Алматы бағытында кемпинг ашылды

«Туған жерге-тағзым» акциясы аясында Өскемен-Алматы бағытында кемпинг ашылды

4 Қараша, 2013 12:38
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен-Алматы автожолында «Маралды» кемпингі ашылды, деп ШҚО ақапараттық орталығы хабарлады.

«Кемпинг «Туған жерге-тағзым» акциясының аясында  кәсіпкер Серікболсын Бейсембаевтың  жеке қаражатына құрылды. Құрылысқа 80 млн теңге кетті», - деп хабарламада нақтыланған.

Кешенде қонақ үй, асхана және техқызмет көрсету бөлімі бар. Бұл жер 20 жұмыс орнын ұсынды.

«Өскемен жолында, яғни Алматыға барар бағытта мұндай кешенді қызмет көрсететен  кемпинг болмаған. Біз сонымен қатар жанар жағар май станциясын ашуды да көздеп отырмыз, бүгіннің өзінде «ҚазМұнайГаз» компаниясымен келісім шарт орнатылған», - деді кемпингтің атқарушы диреторы Шаукент Әбдірахманов.

Барлық жаңалықтар