- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат салық салу және кедендік әкімшілендіруге қатысты заң жобасын Мәжiлiске қайтарды
Сенат салық салу және кедендік әкімшілендіруге қатысты заң жобасын Мәжiлiске қайтарды
«Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 39, 65 және 67-қадамдарын іске асыру, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру жолымен қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру мақсатында әзірленді. Заң жобасында салық саясаты бойынша бірқатар түзетулер көзделген»,- деді министр.
«Атап өтсек, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрудың шекті мөлшерін 59,4 млн. теңгеден 6,4 млн. теңгеге төмендету, тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін нормалардың қолданылу мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу алымын төлеуді алып тастау, геологиялық барлау жұмысы кезеңі ішінде жиналған қосылған құн салығын бес жылдың ішінде қайтару, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және бизнес өкілдермен келісілген, тамақ өнеркәсібіне жер асты суларын өндіруге салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін Үкімет ұсынып отырған 1 айлық есептік көрсеткіштен айлық есептік көрсеткіштің 25%-ына дейін төмендету, рентабельділігі төмен кен орындарынан өндірілетін баланстан тыс қорлар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеуді роялти деңгейіне дейін азайту, мөлшерден тыс эмиссия үшін 10 есе ұлғайту мөлшерлемелерін алып тастау, бағам айырмашылығын есепке алу бойынша түзетуді 2009 жылға қолдану және шалғайдағы мал өсірумен айналысатын шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерінің жиынтық ауданының шекті мөлшерлерін ұлғайту және ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалар үшін Салық кодексінің 63-тарауында көзделген 70%-дық жеңілдікті жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшкен шаруа және фермер қожалықтарына да тарату. Заңсыз өнімдер импорты деңгейінің ұлғаю мүмкіндігі жағдайында отандық алкоголь өнімдерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында акциз мөлшерлемесін 100%-дық спирттің 1 литріне 1600 теңгеден 1380 теңгеге дейін 2016 жылы ғана төмендетуді ұсынамыз», - дедi ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев.
Министр бұл жағдайда жергілікті бюджеттерге 4 573,0 млн. теңгенің түспейтіннін мәлiмдедi.
«Аталған ұсыныс кезекті үш жылдық кезеңге, яғни 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемі Бюджет кодексіне сәйкес 2016 жылы бекітілетіндігімен түсіндіріледі. Бұдан басқа, 2017 жылдан бастап бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау және Еуразиялық экономикалық одақ аясында акциздердің мөлшерлемелерін одан әрі үйлестіру көзделіп отыр. 2017-2019 жылдарға күшті алкоголь өнімдері акциздерінің мөлшерлемелерін белгілеуді «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44 және 45-қадамдары аясында 2016 жылы салықтық заңнаманы реформалау және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша заң жобасын әзірлеу кезінде қарауды ұсынамыз. Заң жобасын қабылдау, ең алдымен, қолайлы бизнес-ортаны құруға, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға және одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ықпал етеді», - дедi Е.Досаев.
Алайда, Сенат депутаттары заң жобасын екiншi оқылымда қарастыру барысында акциз мөлшерлемесін сатылы ұлғайтуды қарастыратын алкогольдi өнiмге акциз мөлшерлемесінiң көлемiн белгiлеуді ұсынып, бiрқатар өзгертулермен заң жобасын Мәжiлiске қайтарды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы