- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда шетелдік инвесторларды тартуға арналған квоталардың берілуі өзгеруі мүмкін
Қазақстанда шетелдік инвесторларды тартуға арналған квоталардың берілуі өзгеруі мүмкін
Заң жобасы ҚР Ұлттық кодекстің «Бюджетке төленетін салық және өзге төлемдер туралы» заңына өзгерістер енгізуді көздейді.
«Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс берушілер тарапынан олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізеді. Бұл ретте ең төменгі әлеуметтік стандарттар әрбір азаматтың еңбек бостандығын, қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай еңбек жағдайын, еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз өтемақы алуын қамтамасыз етеді»,- деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Жұмыс берушілер мен қызметкердің арақатынастары басым түрде ұжымдық келісімдер мен шарттар арқылы реттеу қағидаттарына негізделетін болады.Министр атап өткендей, заңдардың икемділігі инвесторлар үшін ғана емес, ең алдымен, жұмыс орындары үшін халықты жұмыспен қамту көзі болып табылатын кәсіпорындар үшін де маңызды.
«Кодекс жобасында жұмыс берушілер үшін бір жағынан белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық жылжу, жұмыстан босату, қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеу рәсімдері жеңілдетілген», - деді ол.
Екінші жағынан қызметкерлердің базалық еңбек мүмкіндіктері мен құқықтары белгіленіп, жеке ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту көзделеді. Осылайша, өз дәрежесінде дамымай келген келісімдер мен ұжымдық шарттар рөлін көтеру қарастырылады.
«Жаңа Еңбек кодексі жобасы кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуды, шетелдік инвесторлар тартуды белсендіре түспек. Бұдан басқа, мүгедектерді, жастарды, отбасылық міндеттері бар адамдарды қоса алғанда, жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарын құруға ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар да қамтылады», - деді ол.
Жалпы, кодекс жобасында әлеуметтік қорғау, әділеттілік, екінші жағынан, экономикалық тиімділік арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті үйлестіруді сақтау көзделеді.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгерістер енгізіледі.
Анар Тәңірқұлова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда