- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰДБ бағдарламасы аясында Қазақстанның 15 қаласы атмосфераға шығатын қалдықты қысқартады
БҰҰДБ бағдарламасы аясында Қазақстанның 15 қаласы атмосфераға шығатын қалдықты қысқартады
БҰҰДБ/ЖЭҚ жобасының энергия тиімділігі бойынша үйлестірушісі Александр Белый Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында жобаның жүзеге асуы туралы кеңінен түсіндіріп берді.
Александр, жоба мен оның келешегі туралы айтып өтсеңіз.
- Бүгінде БҰҰДБ Қазақстанда ҚР Үкіметі мен ЖЭҚ қаржылық қолдауымен бірлескен жаңа жобаны бастамақ. Ол «Төмен көмірсутегті қалалық дамуға көшу» деп аталады. Жоба 5 жылға есептелген, жергілікті атқарушы органдарға қалалық инфрақұрылым саласында жобаларды біркелкілендіруге көмектеседі.
Не себепті осы салалар таңдалды?
- Себебі, олар қалалардағы парниктік газдардың эмиссиясына әсер етеді. Қалалық сала инвестиция тартымсыз салаларды қамтиды. Біздің жұмыстың мақсаты инвестицияға тартымды салаларды іздеп табу.
Аз көміртекті даму дегеніміз не?
- Аз көміртекті дамыту тұжырымдамасы – экономикалық дамудың тұжырымдамасы, ол қоршаған ортаға зиян тигізбеу арқылы дамытуды қарастырады. Парниктік газдың қалдықтары уақыт өткен сайын кішірейеді. Ол әр түрі технологияларды қолданады.
Жоба қай қаладан басталмақ және оған қатысатын қалшаларды атасаңыз?
- Жобаға Қазақстанның 15 қаласы қатысады. Бүгінгі таңда 4 қала іріктелді: Шымкент, Тараз, Теміртау, Лисаковск. Қазақстан парниктік газдар қалдығын 2020 жылға қарай 15 пайызға, 2050 жылға қарай 25 пайызға қысқарту шешімін қабылдады.
БҰҰДБ мен ҚР Үкіметінің аталмыш жобасының ерекшелігі қандай?
- Біздің өзге жобалар көрсету нысандарына бағытталған. Аталмыш жоба осы технолоияларды бұқаралық түрде дамытуға бағытталған. Ол БҰҰДБ мен ЖЭҚ есебінен емес, инвестиция тарту жүзеге асады. Біздің қолдауымыз жүзеге асыруды техникалық сүйемелдеу болып табылады.
Аталмыш конференциядан қандай нәтиже күтесіз?
- Біз бүгін аталмыш жоба бойынша алғашқы конференцияны өткізіп отырмыз. Үздік халықаралық тәжірибелер айтылады. Әр түрлі елдің 10 спикерінің баяндамасын тыңдаймыз. 4 пилоттық қаламен келісім орнатылады. Қала әкімдері де конференцияға қатысуда.
Сұхбат бергеніңізге рахмет!
Ботагөз Айтжанова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты