- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ мелиоративтік жүйені сауықтыру және суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін рыноктык механизмдерді қолдануды ұсынды
ҚР АШМ мелиоративтік жүйені сауықтыру және суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін рыноктык механизмдерді қолдануды ұсынды
«Қазіргі кезде суармалы жерлердің деңгейі 1990 жылдармен (2,1 млн. га) салыстырғанда үштен бірге қысқарып, бүгінде 1,5 млн. гектарды құрайды», - деп хабарламада нақтыланған.
Суармалы жерлер алқабы мен оның өнімділігінің қысқаруының негізгі себептері: жерлердің эколого-мелиоративтік нашарлауы, дренаждық және суармалы жүйенің қалпына келтіру және құрылысына инвестициялар деңгейінің төмендігі, тозу деңгейінің жоғарлығы, фермерлердің ылғал үнемдеу технологияларды енгізуге ынтаның жоқтығы, профилактикалық мелиоративтік жұмыстарды орындамау.
Үлкен капитал сыйымдылығына байланысты суармалы жерлердің 2,1 млн. га алқабы ауыл шаруашылығы айналымын жүргізу бойынша қаржыландыру бюджет есебінен жүргізу мүмкін емес. Сондықтан басқа, соның ішінде қаржыландырудың заемдық көздерін тарту қажет.
Сонымен су шығынын үнемдеуді қамтамасыз етуді және шаруашылықаралық ирригациялық жүйелерге инвестицияларды тартудың жалғыз тетігі - барабар нарық тарифтерін орнату болып табылады. Бірқатар аймақтарда суармалы су тарифтері төмен. Бұл шаруаларды суландыру жүйесін реконструкциялауға және суды үнемдеу бойынша қандай да бір жұмыстарды жүргізуге ынталандырмайды.
Су шаруашылығы нысандарына жөндеу жүргізу және реконструкцияға кеткен шығындар есебінен тарифтерді қалыптастыру бұл салаға халықаралық қаржылық институттардың заемдық қаржыларын және жеке инвесторлардың қаржыларын тартуға мүмкіндік береді.
«Осы ретте тарифтердің өсуі шаруалардың суға деген шығындарын ұлғайтуға алып келмейді: қолдану көлемі екі кезеңде де төмендейді: реконструкцияланған жүйелерде минималды шығынсыз алқапқа дейін жеткізу, сондай-ақ суару кезінде үнемдеу жүйені қолдану. Алдын ала есеп бойынша суды тұтыну 3-4 есеге дейін төмендейді», - деп АШМ басмасөз қызметі хабарлады
Жеке жағдайларда, суға деген тариф фермерлер үшін қымбат болса, мемлекетпен субсидиялау қарастырылуы мүмкін.
«Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тамшылатып және жаңбырлатып суаруға арналған жабдықты сатып алу шығынының бір бөлігін өтеуді болжайтын инвестициялық субсидиялауды мемлекеттік қолдау шарасы қарастырылады.
Жалпы суды тұтынуды төмендету - экологияға қолайлы әсер етеді, сондай-ақ суғаруға ауыл шаруашылығы жерлерінің қосымша алаңдарын тартуға және оның өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
«Болжанатын тәсілдер осы саладағы кәсіпкерлік ортаның жауапкершілігін артыруға, суды үнемдеп және ұтымды пайдалануға шақыратынын атап кетті. Мемлекет өз кезегінде ауыл шаруашылығы мақсаттарына суды ұтымды қолдану жүйесін құруы тиіс», - деді А. Мамытбеков.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады