- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Сенаты «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы заңды қабылдады
ҚР Сенаты «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы заңды қабылдады
Заң жобасында шекаралары нақты белгiленген аумақты бiлдiретiн мынадай органдарды басқаратын орталықтар құру көзделген. Соның бiрi - Орталықты басқару жөнiндегi кеңес. ҚР Президентi басқаратын, тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган Орталықтың даму стратегиясын айқындайды, оның қаулылар түрiндегi актiлерi қабылдайды.
«Сол сияқты, Орталық әкiмшiлiгi, Орталықтың қаржылық қызметтер көрсетудi реттеу жөнiндегi комитетi және тағы бiрқатар қажеттi органдар құрылады. Заң жобасы Орталық аумағында ерекше құқұқтық режимдi бекiтедi. Онда, бiрiшiден, Орталықтың ҚР заңнамасынан өзгеше меншiк құқығы заңнамасы болады, Орталықтың құқығы ҚР Конституциясына, заң жобасына Англия мен Уэльс құқығының қағидаттары мен нормалары немесе әлемнiң жетекшi қаржы орталықтарының стандарттары негiзге алынатын орталық органдарының актiлерiне негiзделетiн болады. Екiншiден, Орталықта ерекше салық, валюталық және визалық режимiнiң, сондай-ақ, орталық органдарыны және қатысушыларының шетелдiк жұмыс күшiн тартуының ерекше пежимi болады», - дедi өз баяндамасында ҚР Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.
Мысалы, Орталықтың органдары мен қатысушыларын 2066 жылдың 1 қаңтарына дейiн 50 жылға корпоративтiк табыс салығын, мүлiк салығын және жер салығын төлеуден босату белгiленген.
Төраға орынбасары, сондай-ақ, визалық режим мәселесiнде орталық қызметкерлерi болып табылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ азаматтардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң виза алу рәсiмi де жеңiлдетiлгенiн айттты.
Сонымен қатар, Қ.Қожахметов «Болашақ» бағдарламасы бойынша бiлiм алып, шетелде қызмет етiп жатқан қазақстандық бiрқатар жастар қазiрдiң өзiнде аталған қаржы орталығына қызығушылық танытып отырғанын айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары