• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰДБ ҚР Үкіметімен бірлесіп қалаларды тұрақты дамытуға көшу жобасын жүзеге асыруды бастады

БҰҰДБ ҚР Үкіметімен бірлесіп қалаларды тұрақты дамытуға көшу жобасын жүзеге асыруды бастады

5 Қараша, 2015 10:48
Астанада «Азкөміртекті қалалық дамуға көшу: Қазақстан мен Орталық Азия үшін жаһандық болашақ пен тенденциялар» халықаралық конференциясы өтуде.

Аталмыш конференция БҰҰДБ мен  ҚР Үкіметінің «Қазақстандағы азкөміртекті даму үшін тұрақты қалалар» бірлескен жобасы аясында өткізілуде. Айта кетерлік жайт, жоба Жаһандық Экологиялық қордың қаржылай қолдауы аясында жүзеге асырыла бастады.

«Жобаға Қазақстанның 15 пилоттық қаласы қатыстырылады. Бүгінде 4 қала іріктелініп алды, олар Шымкент, Тараз, Теміртау, Лисаковск. Сонымен қатар, Қазақстан парникті газдарды шығаруды 2020 жылға дейін 15%-ға, 2050 жылға дейін 25%-ға дейін төмендету туралы ерікті міндеттемені өз мойнына алды»,- деді БҰҰ ДБ – ЖЭҚ жобаларының және  ҚР Үкіметінің энергия тиімділігі жөніндегі үйлестірушісі Александр Белый.

Конференция қорытындысы бойынша БҰҰДБ және Шымкент, Тараз, Теміртау мен Лисаковск әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы мемолрандумға қол қойылады деп күтілуде.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар