• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Өз кәсібінің үздігі» атты республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

Астанада «Өз кәсібінің үздігі» атты республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

5 Қараша, 2015 12:34
Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген «100 нақты қадам» бағдарламасының 88 тармағы мен индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында жыл сайын өткізіледі. «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2015 жылдың 6 қарашасында өтеді, деп хабарлады БҒМ қызметі.

Байқауды ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырып отыр.

«Өз кәсібінің үздігі» байқауы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. 2015 жылы Қазақстанның барлық аймақтарынан 150-ден астам өтініш қабылданды. Нәтижесінде, байқау комиссиясы «Үздік темір ұстасы», «Үздік кран жүргізушісі», «Үздік электрші» «Үздік сантехник», «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік технолог», «Үздік металл жонушы», «Үздік тігінші», «Үздік қоғамдық көлік жүргізушісі», «Үздік әрлеуші» (сырлау бойынша техник) сынды 10 номинация бойынша 20 жеңімпазды анықтады.

Салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ҚР білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаев ашады. Сонымен қатар, шараға ҚР мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б. Нұрымбетов, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі С. Сәрсенов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, коммерциялық емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясы жанындағы жастар қанатының, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жеке меншік мекемесінің өкілдері қатысады.

Танымал қазақстандық әнші Диас Аблаев кешке арнайы шақырылып отыр.

«Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының міндеттері - неғұрлым көбірек қажет жұмысшы мамандықтар өкілдерінің кәсіби біліктілігін таныту; жұмысшы мамандықтар өкілдерінің шығармашылық, танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталантыру; жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыру және оларға деген қызығушылықты ояту; жұмысшы мамандықтарының оң бедел-бейнесін жастар арасында насихаттау.

Қазақстанда 2018 жылға дейін көбірек тапшы болатын мамандықтар қатарында жұмысшы мамандықтары, техникалық және кәсіби білім бар мамандар бар. Тау-кен жұмысшылары, құрылысшылар, жүргізушілер, механиктер, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік және байланыс, геология және жер қойнауын барлау саласында жүрген біліктілігі жоқ жұмыскерлер ерекше сұранысқа ие болмақ. Байқаудың басты мақсаты  - жұмысшы мамандықтардың танымалдығы мен беделін арттыру.

       

 

 

Барлық жаңалықтар