• Басты
  • Жаңалықтар
  • Арал ауданының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 7601,9 млн теңгені құрады

Арал ауданының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 7601,9 млн теңгені құрады

5 Қараша, 2015 12:18
Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7601,9 млн. теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«САРАТС» жобасы, халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізін, Жезқазған-Сексеуіл шойынжолын салу, Бозой-Шымкент газ құбырын тарту Арал ауданында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырды.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Сексеуіл-Жезқазған сияқты мегажобалардың аяқталуына байланысты нақты көлем индексі былтырмен салыстырғанда 34,9 пайыз болды.

Тартылған инвестицияның 45,8 пайызын бюджет қаражаты құраса, 39 пайызы – жеке қаражат. Қалған бөлігін қарыз ақша мен банк несиелері құрады. 

 

 

Барлық жаңалықтар