• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әлемнің 20-ға жуық мемлекеті Қазақстанның ғарыш қызметіне қызығушылық танытып отыр

Әлемнің 20-ға жуық мемлекеті Қазақстанның ғарыш қызметіне қызығушылық танытып отыр

5 Қараша, 2015 12:03
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық операторы Жерді қашықтықтан зонттау ғарыштық қызметін әлемнің 20-ға жуық мемлекетіне көрсететін болады, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ атқарушы директоры Асқар Арынов «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

Қазақстанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компания»АҚ бар және ол еліміздің жерсерік өндірісін басқарады. Барлық әлемде экспорттың бөлек секторы бар – қызмет көрсету экспорты, Біздің жағдайымызда  «Қазақстан Ғарыш Сапары» жерді зонттау қызметін ұсынады. Ағымдағы жылы біз Шутгарт қаласында (Германия) өткен ірі көрме Интергео-2015-те «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясын таныстырдық. Ол 20 компаниямен келіссөз жүргізіп, өзінің жерді қашықтықтан зонттау қызметін ұсына алды. Қазіргі таңда 20-ға жуық меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды», - деді А.Арынов.

Сарапшының айтуынша, егер мемлекеттің экспортта қызмет көрсету үлесі болған жағдайда  ол табысты экспорттаушы мемлекет ретінде танылады.

«Атылмыш бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз, келер жылға таныстырулардың жол картасын жасақтаудамыз. Компанияны таныстыру жоспарында Африка, Оңтүстік Америка, Австралия елдері бар. Өзге өнімдерге қарағанда жер серіктерінің шекарасы жоқ, олар орбитада ұшатын болғандықтан қызметті жеткізу оның құнына әсер етпейді. Жалпы, қазақстандық өнімнің экспортының бір проблемасы жеткізудің қымбатқа түсуінде», - деді А.Арынов.

Атқарушы директордың айтуынша, күллі әлемде қызмет экспорты дамуда, оларға геологиялық барлау, ІТ-секторды жатқызуға болады. 

«Біз қызмет көрсету секторына болашағы зор, жұмыс орнын ашуға септігін тигізетін және Қазақстанның экспорт саласындағы көрсеткіштерін көтере алатын сала ретінде, қарастырамыз. Мемлекеттің болашағы – олар IT- сектор, туризм. Мысалы, шетелдік турист елімізге бір келгенде шамамен 5-8 мың долларға дейін қаражатын тастап кетеді» - деп түсіндірді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар