- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ұялы байланыс нарығында жаңа бірлескен оператор пайда болады
Қазақстанның ұялы байланыс нарығында жаңа бірлескен оператор пайда болады
Біріктірілген оператор Қазақстанның ұялы байланыс нарығындағы екі компанияның да ұстынымын күшейтіп, тұтынушыларға ұялы қызметтердің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.
«Қазақтелеком» АҚ жәнеTele2 Group арасындағы әріптестік қазақстандық нарықта үшінші мықты ойыншыны құрудағы тараптардың стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді. Операторлардың бірігуі әлеуетті синергиялар көлемін айтарлықтай арттыруға және алдағы болашақта нарықта көшбасшы тұғырға көтерілуге мүмкіндік береді. Мәміле жасау сәтіндегі жаңа оператордың тіркелген абоненттік базасы 7 млн абоненттен аспақ, бұл нарықтың 20% астам үлесіне сәйкес келеді.
Біріктірілген оператор екі компанияның да бизнесін тиімді жүргізу, заманауи технологиялық желілер құру және қысқа мерзім ішінде республика аумағында 4G/3G/2G мультитехнологиялық желісін тармақтауды, сол арқылы түпкілікті пайдаланушыларға ұялы байланыс және интернет қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етпек.
Осы мәміле нәтижесінде «АЛТЕЛ» және «Tele2Қазақстан» абонеттеріне, сондай-ақ болашақ пайдаланушыларға желінің қамту аумағын кеңейту, 4G/LTE секілді алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану және көрсетілетін қызметтер қатарын ұлғайту есебінен жаңа мүмкіндіктер қолжетімді болмақ.
«Қазақтелеком ұтқыр бизнестің ағымдағы ауқымы мен бәсекелестік ұстанымдарын ұлғайта отырып, телекоммуникация нарығындағы көшбасшы ұстанымдарын әрі қарай да сақтап қалуға ниетті, бұл компанияны ұзақ мерзімді дамыту стратегиясына сәйкес келеді» – деп атап көрсетті«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
«Бұл мәміле біздің пайдаланушыларымызға Алтелдің жоғары қарқынмен өсіп отырған 4G желісіне қатынау алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде клиенттеріміз бен акционерлеріміз бірлескен компаниядан синергия әсеріне қол жеткізетін болады» – деп Tele2 Group Президенті, CEO Элисон Киркби мәлімдеді.
Мәмілеге сәйкес «Қазақтелеком» АҚ және Tele2 акционерлік капиталдың тиісінше 51% және 49% және бірлескен компанияның дауыс беретін акцияларының 49% және 51% ие болады. Мәміле мемлекеттік реттеу органдарының келісімдерін алғаннан кейін аяқталатын болады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары