• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстан темір жолы» көлік және логистика саласындағы әріптестерімен серіктестікті нығайтуда

«Қазақстан темір жолы» көлік және логистика саласындағы әріптестерімен серіктестікті нығайтуда

5 Қараша, 2015 11:47
Компания президенті Асқар Маминнің басшылығымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Балтық және Достастыққа қатысушы елдердің темір жол көлігі Кеңесінің Ташкентте өткен 63-інші отырысында болды. Отырыс аясында А.Мамин темір жол әкімшіліктерінің басшыларымен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді,деп хабарлады Ұлттық компания.

«РТЖ» ААҚ президенті Олег Белозеровпен кездесу барысында ҚР мен РФ темір жол әкімшіліктерінің басшылары өзара тиімді серіктестікті әрі қарай дамыту мәселелері қаралды. Екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемін ұлғайту, ортақ көлік дәлізінде транзитті арттыру жайы талқыланды.

Сондай-ақ, екі жақ Біріккен көлік-логистика компаниясының (БКЛК) қызметін әрі қарай жетілдіруге байланысты мәселе төңірегінде пікір алмасты.  

Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция және сауда министрі Эльер Ганиев пен «Узбекистон темир йуллари» АҚ басқарма төрағасы Ачилбай Раматовпен кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар көлемін ұлғайту, Қазақстан мен Өзбекстан аумағындағы теміржол көлігі арқылы тасымалданатын жүктерге оңтайлы тариф  шарттарын жасау мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, А.Мамин Қазақстан – Түркменстан – Иран үшжақты кездесуіне қатысты. Түркменстан теміржол көлігі министрлігінің басшысы Байрам Аннамередов, Иран Ислам Республикасы теміржол президенті Мухсен Агаимен өткен кездесуде Өзен – Болашақ – Қорған жаңа темір жол желісі мен Солтүстік-Оңтүстік дәлізі арқылы өтетін жүк ағынын ұлғайтып, бірыңғай тариф шарттарын жасау мәселесін талқылады.

 

Барлық жаңалықтар