- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған балабақша ашылды
Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған балабақша ашылды
Ғимаратты өткен жылы облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы коммуналдық меншікке қайтарып алған болатын. Мектепалды ұйымды қалпына келтіру ісі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында «ERG КӨМЕК» компаниясымен жүзеге асырылды.
«Бұл балабақшаның ашылуы осы санаттағы бүлдіршіндеріміз үшін қосымша 70 орын құруға мүмкіндік берді»,- деп атап өтті №52 арнайы балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы.
Балабақшада топтық және жатын бөлмелер, медициналық блок, ас әзірлеу блогы, кір жуу орынжайы, музыка және спорт залдары жабдықталған, сондай-ақ аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңдары орнатылған.
Облыс әкімі Қанат Бозымбаев балабақшаға спорт жабдығын сыйға тартты.
Қазіргі уақытта облыста 164 балабақша, 268 шағын орталық жұмыс істеп тұр, оларда 38 мыңнан астам бала тәрбие алуда. Жаңа балабақша іске қосылғалы 1-6 жастағы балаларды мектепалды біліммен қамту 73,1%-ды құрады, ал 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшадағы орынмен толықтай қамтылған.
Оның ішінде 5 арнайы балабақшада және 6 жалпы үлгідегі балабақшада 670 ерекше бала білім алып жатыр.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды