• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Соловьева: Үкімет «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша механизмнің баламалығын қолдана алмады

А.Соловьева: Үкімет «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша механизмнің баламалығын қолдана алмады

4 Қараша, 2013 12:20
Үкімет «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру шаралары мен баламалы механизмін енгізу керек еді, дейді ҚР Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгуль Соловьева.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалу барысын сынаған болатын. Елбасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» азаматтарға ондаған комиссиялық төлемдерді енгізіп қойғанын айтып, соның кесірінен қаншама азаматтардың төменгі төлем қабілеті себепті аталмыш банктің тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайтынын атаған болатын.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 9 құрал ұсынылып, алайда осылардың ешқайсысы да қарапайым азаматтардың бағдарламаға қатысып, кедергісіз тұрғын үйге қол жеткізуі мақсатында қолданылмаған. Осы орайда Үкімет «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы тұрғын үйлерінің халыққа оңай үлестірілуін қамтамасыз ететін механизмдер мен осы мақсаттағы шараларды қолға алуы керек еді», - дейді депутат.

Жалпы, халық қалаулысының ойынша, Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Мемлекет басшысы берген тапсырмаларын орындау бағдарламасы қолға алынбай жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар