ОҚО-да 231 әлеуметтік нысанның құрылысы жүруде

5 Қараша, 2015 10:08
Биыл Оңтүстік Қазақстанда құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша 231 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлады Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде оның 117-сінің құрылысы аяқталып ел игіліне берілді. Жыл соңына дейін 39 нысан тапсыру жоспарланса, 75 нысан өтпелі.

Мәселен, Түркістан қаласы Яссы ауылдық округінде 280 орындық балабақша нысанының құрылысы 2015 жылы басталып, 2016 жылдың қазан айына пайдалануға тапсырылуы жоспарланған.

Тиісті жұмыстарды мерзімінде ұйымдастырудың нәтижесінде балабақша нысанының құрылысы белгіленген мерзімінен бұрын аяқталып, 2015 жылдың қазан айында пайдалануға тапсырылды.

Барлық жаңалықтар