ЖҚЖК: Алматы облысында жыл басынан бері 30 мың адам жұмыспен қамтылды

5 Қараша, 2015 09:52
Алматы облысында осы жылдың 1 қарашасына сәйкес, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 32709 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.

Биылғы жылы әлеуметтік салаға 8,6 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күнге оның 6,2 млрд. теңгесі игерілген.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жол, ауыз су сияқты инфрақұрылымдық 49 жобаны іске асыру көзделген, бүгінгі күні соның 25-інің жөндеу жұмыстары аяқтаған.

Осы жобалар негізінде 715 адам жұмыспен қамтылып, соның 54 % жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған.

Екінші бағыт бойынша жыл басынан бері 609 адамға 1339,2 млн. теңге шағын несиелер беріліп, бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Сол сияқты әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.

 

Барлық жаңалықтар