- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заң жобасы қаралды
Сенат комитетінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заң жобасы қаралды
Жоба «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру, капитал нарығын және исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Заң жобасына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы дәл белгіленген шекаралары бар, Астана қаласының шегіндегі аумақты білдіреді. Орталықтың аумағында өзінің заңнамасы болуы ықтимал, ерекше құқықтық режим қолданылатын болады.
Орталықтың қолданыстағы құқығы қабылданып отырған Конституциялық заңнан, Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне негізделген актілерден, сондай-ақ реттелмеген бөлікте қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығынан тұрады. Жобаға сәйкес, Орталықты басқару жөніндегі кеңес – Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган құрылады. Оның құзыретіне Орталықтың даму стратегиясын айқындау, қаулылар түріндегі Орталықтың актілерін қабылдау жатады.
Орталық әкімшілігі, Орталықтың қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, Орталық соты және басқа да қажетті органдар құрылуы мүмкін. Ерекше тартымды жағдайлар жасау мақсатында Орталықта өзгеше салықтық, валюталық, визалық режим, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартудың режимі көзделген. Осылайша, салық салу бөлігінде Орталықтың органдары мен қатысушыларын 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін елу жылға корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын және жер салығын төлеуден босату белгіленген. Бұдан басқа, шетелдік қызметкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Визалық режим бөлігінде қызметкерлер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің виза алу рәсімін жеңілдету көзделген. Аталған адамдар бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің және басқа да белгілі бір мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен визасыз келу құқығын алады. Шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде Орталықтың қатысушылары мен органдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды рұқсат алмай тартуға құқылы екені көзделген.
Даулардың сотта қаралуын Орталық соты жүзеге асырады, ол өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді.Орталықтың органдарының, қатысушыларының және олардың шетелдік жұмыскерлерінің қатысуымен туындайтын дауларды қарау мен шешу соттың айрықша құзыреті болып табылады. Орталықтың ресми тілі ағылшын тілі болып табылады. Жекелеген мәселелер бойынша қазақ немесе орыс тіліне аударуға жол беріледі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы