- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарын орындау шаралы талқыланды
Ақордада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарын орындау шаралы талқыланды
Отырыста Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылының Ыстамбұл жоспары ұсынымдарын орындау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мемлекеттік органдардың қолға алған шаралары талқыланды.
Отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың, Қаржы вице-министрі Р.Бекетаевтың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Р.Жүрсіновтің есептері тыңдалды.
Г.Әбдіқалықова өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің тиімділігі Қазақстан Президенті ұсынған, елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған Ұлт жоспарын табысты іске асырудың бірден-бір шарты болып табылатынын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі іс-қимыл жасау барысында жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық талаптарды ескере отырып жетілдіру ісінің ерекше маңызы бар.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенцияларға қосылу, сондай-ақ Ыстамбұл іс-қимылдар жоспарының ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Аталған ұсынымдарды орындаудың маңызды стратегиялық мәні бар, өйткені Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше болуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы бүгінде мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық етек алған салалардың бірі болып отырғанын айтты. Г.Әбдіқалықова қалыптасқан ахуал мемлекеттік сатып алу саласында шешімдер қабылдаудың айқындылығын, оның ішінде осы процестерге қоғамдық бақылауды күшейтуді және электрондық ресурстардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды көздейтін қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер әзірлеуді қажет ететінін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны