• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен Ұлыбритания сыртқы істер министрі елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

Н.Назарбаев пен Ұлыбритания сыртқы істер министрі елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

4 Қараша, 2015 17:21
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрімен өткен келіссөздер жемісті болғанына, нәтижесінде тараптардың барлық бағыттар бойынша, соның ішінде экономикалық және саяси мәселелерге қатысты өзара түсіністік тапқанына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасында өзара ықпалдастық жөніндегі арнаулы комиссия құру туралы жоспарды оң бағалады, бұл комиссияның міндеті Қазақстан мен Ұлыбританияның барлық уағдаластықтарын нақты жүзеге асыру болмақ. 

 

 

Барлық жаңалықтар