- Басты
- Жаңалықтар
- «Қыс-2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына азаматтық қорғаудың 850 құрамы тартылады
«Қыс-2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына азаматтық қорғаудың 850 құрамы тартылады
ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, оқу-жаттығу барысында қыс кезіндегі ТЖ-ға ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігі тексеріледі, күрделі метеорологиялық жағдайда, көліктік магистральдің және ТКШ, жылу беру, сумен және электр қамтамасыз ету жүйесі жұмысының бұзылуы кезіндегі төтенше жағдайларды жою бойынша олардың бірлескен іс-қимылдары практикада пысықталды.
Республикалық оқу-жаттығуға барлығы 7 мыңнан астам адам саны бар азаматтық қорғаудың 850 құрамы тартылады, сондай-ақ 2 мыңнан астам бірлік техника жұмылдырылады.
Елді мекендердің көлік магистральдарын қар көшкіні мен қар басудан қорғалуын қамтамасыз ету, суайдындарында мұздың пайда болуын бақылаудың жай-күйі және мұз өткелдерін қауіпсіз пайдалану шаралары тексерілетін болады.
Сонымен қатар су, кәріз, жылу, электр, газ құбырларының және байланыс желілерінің авариялық-техникалық командаларының әзірлігі бағаланады.
«Қыс-2015» оқу-жаттығу шеңберінде республика бойынша қыс кезіндегі ТЖ-ны жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтау жөніндегі тактикалық-арнайы жаттығулар өткізіледі.
Өткізілетін оқу-жаттығу азаматтық қорғау жүйесі әзірлігінің кемшіліктерін және «ауру сезгіш нүктелерін» анықтауға мүмкіндік береді, оларды уақытында жою қыс мезгілінің қауіпсіз өтуіне септігін тигізеді.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Азаматтық бастамаларды қолдау бағытында қолға алынған шаралар -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі