- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас ұлан» республикалық мектебінің 80-нен аса тәрбиеленушісі ұлан атағын абыроймен алып жүруге ант берді (ФОТО)
«Жас ұлан» республикалық мектебінің 80-нен аса тәрбиеленушісі ұлан атағын абыроймен алып жүруге ант берді (ФОТО)
«Жас ұлан» мектебі ұландардың 14 шығарылымын өткізді, олардың біршамасы офицер атанып, қазіргі кезде Қазақстанның Қарулы Күштері мен өзге де күштік құрылымдарында қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта мұнда 446 тәрбиеленуші, олардың ішінде көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері білім алуда.
Мектеп оқу, тәрбиелеу үдерісін, дене тұрғысындағы жетілдіруді сапалы ұйымдастыру үшін барлық қажетті қазіргі заманғы оқу-материалдық базамен жабдықталған. Білім беру жүйесіндегі тың жаңалық осы оқу жылынан бастап (2015-2016 жылдары) мектептке 9-сыныптан кейін ғана қабылдайды. Оқу бағдарламасына мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери тәртіп пен күшейтілген дене даярлығын зерделеу кіреді.
Бүгін мектептің 16 жылдығына орай қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің 14 облысы, Астана және Алматы қалаларының 5-ші оқу ротасының 81 тәрбиеленушісі өздерінің сыныптастары, әскери қызметшілер мен оқытушылардың көзінше мектептің барлық мерейлі дәстүрлерін сақтай отырып, «ұлан» атағын абыроймен алып жүруге серт берді.
«Жаңадан келген барлық тәрбиеленушілердің атынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен мектептің басшылығына қамқорлықтары үшін алғыс білдіремін, ұланның беделіне дақ келтірмеуге және жақсы оқу үшін барлық күш-жігерімізді салуға уәде беремін», - деді ұлан Темірлан Айтқали. Рота құрамында көп балалы отбасынан шыққан 14 тәрбиеленуші, 18-і толық емес отбасынан, ал 7 тәрбиеленушінің ата-аналары әскери қызметшілер болып табылады. Оқудың алғашқы екі айы ішінде жаңадан келген ұландар «Алжир» мұражайына барды, Астананың зәулім әрі сәулетті ғимараттарын көру үшін экскурсияға шықты, атқа міну дайындығынан өтіп, жауынгерлік оқ атуларға қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады