• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да өндіріс орындарында жол қозғалысын ұйымдастыруды регламенттейтін ұлттық стандарт бекітілді

ҚР-да өндіріс орындарында жол қозғалысын ұйымдастыруды регламенттейтін ұлттық стандарт бекітілді

4 Қараша, 2015 17:43
Қазақстанда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімдік жол жөндеу жұмыстарының өндірісі орындарында жол қозғалысын ұйымдастыруды регламенттейтін ұлттық стандарт бекітілді, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Аталып өткендей, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі  ғылыми-техникалық комиссиясының Төрағаның орынбасары Галымжан Доғаловтың төрағалық етуімен, «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК және «ҰАО» ЖШС ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының, сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП мамандарының қатысуымен өткен кезекті отырысында ұлттық стандарттар жобаларының тізбесі қаралған.

«Бекітілген жобалардың қатарында – «ҚазЖолҒЗИ» АҚ және ҚР Автомобиль жолдары комиетінің сарапшылары ұсынған «Жол жөндеу жұмыстарының өндірісі орындарында қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдары. Негізгі параметрлер. Қолдану қағидалары» ҚР СТ», - делінген хабарламада.

Осы стандартты әзірлеу барысында Қазақстан Республикасындағы жол-құрылысы және жөндеу жұмыстарының өндірісін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ Кедендік одақ елдерінің  жол жөндеу жұмыстарының өндірісі саласындағы нормативтік құжатарды, одан басқа, Еуропаның, АҚШ-тың халықаралық стандарттары пайдаланылған.

Бұл бүгінгі таңда Кедендік одақ елдерінде ұқсас құжаттың болмағандығынан, ал Қазақстанда қоданылып жүрген «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жұмыс өндірісі орындарында қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» болса 20 жылдан астам уақыт бұрын әзірленген және теникалық құралдар мен қозғалыс жағдайларына қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтіндіктен өзекті және дәл уақытында орындалған жұмыс болып табылады. 

Сонымен бірге, аталған стандарт «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» КО ТР Кедендік одақтың техникалық регламентіне дәлелді базаны кеңейтеді.

Стандартта ұзақ және қысқа мерзімдік жол жөндеу жұмыстарының өндірісі орындарында жол қозғалысын ұымдастырудың уақытша техникалық құралдарының сыныптамасымен, негізгі параметрлерімен және қолдану қағидаларымен қатар стандартта қоршағыш құрылғыларға айрықша мән берілген. 

 Әзірлушілердің пікірінше, «Жол жөндеу жұмыстарының өндірісі орындарында қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдары. Негізгі параметрлер. Қолдану қағидалары» ҚР СТ қолдану жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол жөндеу жұмыстарының өндірісі орындарында апатты азайтуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға ықпалын тигізетін болады.

Барлық жаңалықтар