«КТЖ» Ұлттық компаниясы қазан айында 1 млн тонна астық тасымалдады

4 Қараша, 2013 11:29
2013 жылдың қазан айында 1, 018 млн тонна астық тасымалданған, оның ішінде ішкі нарықта 348 мың тоннасы айналымға түсіп, экспортқа 670 мың тоннасы шығарылды, деп «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Негізгі тасымалдау бағыттары Орта Азия, Ресей, Кавказ бен Қара және Балтық теңіздері бойынша жүзеге асты. Ақтау халықаралық  сауда порты бойынша Түрікменстанмен шекараға темір жол арқылы 76,5 мың тонна астық  тасымалданған», - деп хабарламада нақтыланған.  

Сонымен қатар, тамыз-қазан айы бойынша 2,5 млн тонна астықтың 1,6 млн тоннасы экспортқа шығарылды. 

Барлық жаңалықтар