Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толып отыр

4 Қараша, 2015 15:47
2015 жылдың 8 қарашасында Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толады. Осы орайда Астанада «Қазақстанда Мемлекеттік статистиканы жаңғырту» халықаралық конференциясы өтуде.

«2015 жылдың 8 қарашасында Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толып отыр. 1920 жылы осы күні Қазақ ССРО «ҚазССРО-да мемлекеттік статистика туралы қосымша» қабылданды, ол Қазақстандағы орталықтандырылған статистика жүйесінің пайда болуының басы. Соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік статистиканы жаңғырту 3 бағыт бойынша жүргізілді: заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, статистикалық әдітеме мен есеп пішінін оңтайландыруды жетілдіру», - деді ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов.

Комитеттің мәліметінше, бүгінде ұлттық статистика халықаралық стандарт пен алдық шетелдік тәжірибе бойынша сапалы жаңа дәрежеге шықты.

«Өндірістік пайдалануға 2015 жылдың басынан бері «е-статистика» ықпалдасқан ақпараттық жүйе енгізілді. Ақпараттық технологиялардың инновациясы қорытындысы бойынша елдегі мемлекеттік статистиканы қолдану деңгейі өсті. 10 айдың қорытындысы бойынша, комитет сайтына 3 млн адам кірген.2009 жылмен салыстырғанда 30 есеге өскен», - деді ол.

Сондай-ақ, шара барысында Қазстат пен Дүниежүзілік банктің бірлескен 5 жылдық жобасының жүзеге асуы талқыланды.

Комитет хабарлағандай, статистикалық есеп бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

«Соңғы екі жыл ішінде комитеттің статистикалық пішінің саны 20 пайызға, ведомстволық статформа 33 пайызға, әкімшілік есеп формасы 42 пайызға қысқарды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар