Биыл Астанада 63 шақырым жол жөндеуден өтті

5 Қараша, 2015 08:52
Астанада жол-транспорттық жүйеде жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Жөндеу аясында жол қабатын ауыстыру, инженерлік жүйе салу, тротуар мен жол таңбаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі күнде елордада 62,97 шақырым жол салынып, реконструкция және жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 19,5 шақырым жол салынып, реконструкциядан 12,85 шақырымы өтті, елді-мекендерде 9 шақырым жолға жөндеу жұмыстар жүргізілді, сонымен қатар, 21 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 243 977  шаршы метр жол жөнделді. 

Жолдарды реконструкциялау және салу, инженерлік жүйені орнату бойынша бірқатар  көшелерде жұмыстар жүргізілді.Орташа жөндеу жұмыстарымен 20-ға жуық аудан қамтылды.

 

Барлық жаңалықтар