Астанада 83 жас отбасы пәтерге ие болды

4 Қараша, 2015 16:19
Қазіргі кезде 83 пәтерлік тұрғын үй кешені жас отбасыларға пайдалануға тапсырылды, деп хабарлады қалалық сайттың баспасөз қызметі.

Елорда әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы 2014 жылғы іріктеуден өткен жас отбасылар арасында баспана берілді.

Тұрғын үйді үлестіру жинаған баллдарға сәйкес: балалардың  саны, мүгедектігі бар, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, сондай-ақ, 2005-2007 жылдарғы және 2008-2010 жылдарғы Түрғын үй бағдарламасына қатысушылар арасында жүргізілді.

Тұрғын үй комиссиясы қалған пәтерлерді  коммуналдық меншікке объектіні рәсімдеу аяқталғаннан кейін, шамамен ағымдағы жылдың  қарашаның 3 онкүндігінде үлестіру жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар