- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі Әзірбайжан қорғаныс ведомствасының басшысымен кездесті (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі Әзірбайжан қорғаныс ведомствасының басшысымен кездесті (ФОТО)
Екі елдің қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие және екіжақты нысанда да, сонымен қоса халықаралық және өңірлік ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨІҚБСК, Ислам ынтымақтастық ұйымдары, ТМД, Түріксой және б.) аясында да көпжақты ауқымда дамып келеді. «Қазіргі кезде Қазақстан мен Әзірбайжан флоттары арасында іс жүзіндегі байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлу маңызды болып отыр.
Бұл бағыт тату көршілік пен Каспийдегі қауіпсіздік жағдайларын жалғастыру мен нығайту барысында маңызды, сондай-ақ каспий маңындағы көшбасшы елдер арасындағы жоғарғы деңгейдегі сенімге лайықты», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Әзірбайжан қорғаныс ведомствасының басшысы генерал-полковник Зәкір Ғасанов Каспий теңізі су айлағындағы өзара іс-қимыл оңай шаруа еместігін атап өтті. «Біз бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайынбыз, өйткені Қазақстанмен бірлескен жаттығулар мен жарыстардан айтарлықтай тәжірибеміз бар. Бірлескен жаттығулар Қарулы Күштеріміздің достығын нығайтып, екі жақтың тәжірибе алмасуына септігін тигізеді деп ойлаймын». Заманауи әскери талаптың тәжірибесі әскерлерді барлық деңгейде басқару үдерісінде қару-жарақ пен әскери техниканы жаңарту, жаңа технологияларды ендірудің маңыздылығын көрсетіп отыр. Әзірбайжан өзінің қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
«Кездесуді тілге тиек ете отырып, Астана қаласында келесі жылы өткізуге жоспарланған «КАДЕКС-2016» әскери қару-жарақ пен техникалардың халықаралық көрмесіне қатысуға шақыруды жөн көріп отырмын. Алдағы жылы әзірбайжандықтар жағы өздерінің қорғаныс өнеркәсіп кешенінің өнімдерін көрсету мүмкіндігін қарастырып, әскери-техникалық ынтымақтастық жолында бізге жаңа екпін береді деген сенімдемін», - деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті.
Аталған көрменің құрылған кезінен бастап бұл іс-шараға Әзірбайжан өкілдері бақылаушы ретінде қатысып келе жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар екі ел өкілдері әскери білім, сондай-ақ жеке құрамды оқыту мен даярлау үдерісін жетілдіру мәселелерін талқылады.
ҚР Қорғаныс министрі ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің базасында әскери кадрларды оқыту мәселесін қарауды ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствасының басшылары 2016 жылға арналған ҚР Қорғаныс министрлігі мен ӘР Қорғаныс министрлігі арасындағы ынтымақтастық жоспарын бекітті. Бұдан өзге жауынгерлік даярлық үдерісі бойынша тәжірибе алмасу аясында бірлескен оқу-жаттығуларды әрі қарай тұрақты түрде өткізуді негізге ала отырып практикалық жаттығуларды бастау мүмкіндігі қаралды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы