- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазАвтоЖол Астана - Атбасар және Қызылорда – Шымкент учаскелеріндегі қозғалысты ақылы етпек
ҚазАвтоЖол Астана - Атбасар және Қызылорда – Шымкент учаскелеріндегі қозғалысты ақылы етпек
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, онда Қазақстандағы жол-көлік инфрақұрылымын ұстау және дамыту бойынша Қоғамның одан әрі қызметінің өзекті мәселелері мен сценарийлері қаралды.
Инвестиция және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбектің төрағалық етуімен өткен кеңес ақылы автомобиль жолдарын дамыту сценарийін, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидасына енгізілген толықтыруларды, 2014 жылғы ішкі аудит қызметінің жылдық есебі және Қоғамның басқа да маңызды мәселелерін қарады.
Атап өтсек, кКңесте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2014 жылғы ішкі аудит қызметінің жылдық есебі бекітіліп, 2014 жылғы аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы қоғам басқармасының есебі мақұлданды. Осы мәселе бойынша директорлар кеңесі қоғам басқармасына ҚР заңнамасының, Қоғамның ішкі құжаттарының сақталуын, Түзету шаралар жоспарының орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, Кеңес 2016 жылғы 2 кезеңде «Астана - Атбасар» және «Қызылорда - Шымкент» учаскелерінде ақылы қозғалысты ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. Басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында «KazToll» ЖШС еншілес компаниясын құру ұсынысы қозғалды, оған ақылы қозғалысты ұйымдастыру және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын дамыту жөніндегі өкілеттіктер беріледі.
Еске салсақ, 27 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жол-көлік инфрақұрылымын, көлік логистикасын және авиатасымалды дамыту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Осылайша, Заңға сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторына жаңа өкілеттіктер берілді, Қазақстандағы жол-көлік инфрақұрылымын ұстау және дамыту жөніндегі жалғыз оператор болып жарияланды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар