- Басты
- Жаңалықтар
- Куала-Лумпурда Қазақстан-Малайзия бизнес форумы өтуде
Куала-Лумпурда Қазақстан-Малайзия бизнес форумы өтуде
Шараға құрметті қонақтар: Малайзияның халықаралық сауда және индустрия министрінің орынбасары Дато Ли Чи Леонг, Дүниежүзілік Ислам форумының бас хатшысы Тан Сри Ахмад Фузи Хаджи Абдул Разак, MATRADE бас атқарушы директоры Дато Дзулкифли Махмуд қатысты.
ҚР ИДМ Инвестициялар бойынша комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров өз сөзінде екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
«Біз Малайзияны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы елдердің ішінде сенімді экономикалық серіктес ретінде бағалаймыз. Сонымен қатар заманауи технологияларға иелік ететін малайзиялық компаниялар бірлескен инвестициялық жобалардың дамуына өз үлестерін қосатын болады деген ойдамыз», - деп атап өтті Е. Хаиров.
Форумға 100-ден астам малайзиялық компаниялардың өкілдері қатысты.
Ал, қазақстандық делегация құрамына «Даму»АҚ, «KTZ Express»АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «МЖК қазақстандық орталығы»АҚ, Астана қаласының Инвестициялар мен даму бойынша әкімшілігінің өкілдері және т.б. енді.
Бизнес-форум аясында екіжақты кездесулер өтті, онда қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың натқы мысалдарын талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылдан бастап 2015 жылдың маусым айы аралығында Қазақстан экономикасына тікелей малайзиялық инвестициялар көлемі 4,1 млн долл. құрады. 2014 жылы тауарайналымы 105,2 млн долл асып жығылды. Ал, 2015 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша малайзиялық капитал бар бірлескен кәсіпорындар саны 65 құрады.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер -
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау: Үздiк бизнес-идеяға аpналған конкуpстың шарттары қандай