Астанада Қазақстанда жүзеге асатын үздік әлеуметтік жобаларды талқылады

4 Қараша, 2013 11:15
Астана қаласында тұңғыш рет «Қазақстанда жүзеге асатын үздік әлеуметтік жобалар» атты республикалық тәжірибелік конференция өтті.Шара Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орайластырылып отыр, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жүзеге асатын әлеуметтік жобалар бойынша сұрақтар бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияға Президент Әкімшілігі, ҚР Парламенті, халықаралық ұйым  өкілдері  қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, әлеуметтік жобаларды  қолдау, мүгедектердің өмір сүру дәрежесін көтеру, өзге халықтық мәселелерді талқылау әлеуметтік ведомстволардың қызметі ғана емес, ол мемлекеттік саясаттың да жұмысы.

«Шараның негізгі бөлімінде Қазақстанда жүзеге асатын әлеуметтік жобалар таныстырылды. Олар: жастарды, балалар мен жасөсіпірімдерді; отбасыларды, әйелдерді, ер адамдарды қолдауға, көмек көрсетуге бағытталған», - деп хабарламада нақтыланған.

 

Барлық жаңалықтар