- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстанда жаңа мешіт ашылды
Солтүстік Қазақстанда жаңа мешіт ашылды
4 Қараша, 2015 20:42
Айыртау ауданының Қарасай батыр ауылында мешіттің құрылысы аяқталды. Салтанатты ашылу рәсіміне СҚО әкімі Ерік Сұлтанов, Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажы ұлы, қоғам қайраткерлері, аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Өз сөзінде әкім атап өткендей, конфессияаралық келісім еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды бағыты.
«Бұл мешіттің ашылуы Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіп жатқан жылы айтулы оқиға. Бұл жерде Шоқан Уалихановтың балалық шағы өтті, мұнда Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Орынбай сынды халық ұлдары дүниеге келді. Өскелең ұрпақ ата-бабаларымыздың салт-дәстүрын білуі және сақтап қалуы керек. Бұл ретте рухани-адамгершілік тәрбие басты роль атқарады», — деді Ерік Сұлтанов.
Ержан қажы Малғажы ұлы ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, бұл мұсылман қауымның өміріндегі айтулы оқиға екенін атап өтті.
Айыртау ауданының Қарасай батыр ауылындағы мешіт 100 адамға есептелген. Мешіттің жалпы ауданы 196 шаршы метр және биіктігі 11 метр.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды