- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Израиль СІМ саяси консультациялар өткізді (ФОТО)
Қазақстан мен Израиль СІМ саяси консультациялар өткізді (ФОТО)
Консультациялар шеңберінде тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағына қатысты мәселелерді кеңінен талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, соның ішінде сириялық дағдарыс, иран ядролық бағдарламасы және Таяу Шығыстағы жағдайы бойынша пікір алмасты.
А. Мусинов израильдік әріптестерді Қазақстанның халықаралық бастамасы негізінде елдің ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.
Қазақстан 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланатын жағдайда адам құқығын, энергетикалық мәселелерін, азық-түлік және су қауіпсіздігін, кедейшілікпен және климаттық өзгерістермен күресті сақтай келе, халықаралық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуға көңіл бөлетінін атап өтті.
Израильдік тарап Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөлі мен әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Қазақстандық делегация басшысы алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, жоғары технологияны дамыту салаларында АӨСШК сенім шаралары каталогындағы экономикалық өлшем, сонымен бірге Астанада «Болашақ энергия» тақырыбына арналған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қолдау көрсеткені үшін израильдік тарапқа алғысын білдірді.
Консультациялар барысында Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына дайындық мәселелері талқыланды. Израильдік тараппен екіжақты сауда-экономикалық байланысты, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ нарығында екі елдің бизнес-құрылымда өзара әрекеті келешектерін жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ жоғары деңгейде өзара іссапарды жандандыру қажеттілігін айтты. Осыған орай алдағы жылда Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.
Консультациялар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль Сыртқы істер министрліктері арасындағы орта мерзімдегі ынтымақтастықтың басым бағыттары жоспарланды.
Сонымен қатар Израильде болу кезінде А. Мусинов Израиль Мемлекетінің Абсорбция және Иерусалимнің істері жөніндегі министрі Зеэв Элькинмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылаған болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция