- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық 12 курсант Финляндияда ұшқыштар дипломын алды
Қазақстандық 12 курсант Финляндияда ұшқыштар дипломын алды
Іс-шарада ФР СІМ өкілдері, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары, ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «Patria» ұшқыштар мектебінің басшылары қатысты.
Елші Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстанның азаматтық авиация академиясының түлектерін құттықтап, оларға кәсіби саласындағы қызметіне табыстар тіледі. Ол қазақстандық ұшқыштардың Финляндияда оқуы Финляндияның Президенті Саули Ниинистёнің 2013 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесі бойынша жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың тәжірибелік қорытындысы болғанын еске салды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның 12 студенті екі жылдық оқытуды Хельсинкиде негізделген ұшқыштар мектебінде ұшу дайындығынан өтті. Қазақстандық дипломат ҚР авиация саласы үшін жоғары білікті мамандар дайындауға қосқан үлесі үшін «Patria» ұшқыштар мектебінің басшылығына алғысын білдірді.
Сыртқы сауда және даму Министрі Ленита Тойвакка атынан ФР СІМ өкілі Пяиви Пелтокоски білім саласында Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге Финляндияның қызығушылығын білдірді. Білім беру саласында «Patria» мектебінің оқу бағдарламалары екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылатынын айтты.
Patria Pilot Training компаниясының бас директоры Микко Паронен Қазақстанмен өзара әрекеттесудің стратегиялық сипатын атап өтіп, кадрларды дайындау саласында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға терең қызығушылық танытатындықтарын білдірді.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек