• Басты
  • Жаңалықтар
  • Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын арттыру болашағы талқыланды

Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын арттыру болашағы талқыланды

4 Қараша, 2015 15:19
Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев пен Түркия Республикасының кеден және сауда министрі Дженап Ашджымен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Кездесу барысында тараптар кеден мен сауда саласындағы екіжақты ынытымақтастық мәселелерін талқылады. Елші Ж. Түймебаев қарсы тарапты Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Жалпы, тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым қатынастың жоғары деңгейде екенін және екіжақты тауарайналымды арттыруға барынша күш салуға дайын екенін атап өтті. Осы мақсатта екі елдің кеден қызметтері кедендік бақылау және сыртқы экономикалық қызметтің дамуы үшін қолайлы климат жасақтауда өзара тәжірибе алмасатын болады.

Д. Ашджы Қазақстан мен Түркияның мемлекет басшыларының қатысуымен жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің екінші отырысын өткізу маңыздылығын атап өтті. Оның аясында екі ел арасындағы сауда серіктестігін одан ары кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.  

«Мен Қазақстан-Түркіменстан-Иран және Баку - Тбилиси - Карс  теміржол магистралдарын толыққанды пайдалану Қазақстан мен Түркия арасындағы тауарайналымды бірнеше есе арттыратынына сенімдімін», - деп түйді түркиялық министр.

 

Барлық жаңалықтар